Қайырлы күн!
«Үздік таңдау» депозиті сыйақы төлеуді таңдау мүмкіндігін қарастырады – ай сайын ағымдағы шотқа, немесе сыйақыны капиталдандыру.
Депозит мерзімі аяқталғаннан кейін мерзімді ұзарту уақытында қолданыстағы шарттарға сәйкес мерзімді ұзартуға болады.
«Үздік таңдау» депозиті бойынша сыйақы ставкасы – ағымдағы уақытта нарықтағы ең жоғары ставка болып табылады және ол салым сомасына байланысты емес.
Депозиттік калькулятор сайттың бас бөлімінде орналастырылған.
Сізге "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ хабарласқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Қайырлы күн!
Клиенттер-жеке тұлғалар-Қазақстан Республикасының резиденттері үшін: 1. жеке басты куәландыратын құжат; 2. ЖСН.
Толық кеңес алу үшін Сізге біздің филиалдарға немесе 8 (727) 330-88-18, 8-8000-800-330 телефоны арқылы (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) Card Service тәулік бойы қызметіне хабарласуға болады.
Сізге "AsiaCredit Bank
(АзияКредит Банк)" АҚ хабарласқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз! |
қайырлы күн!
Біздің Банкте жалақы жобаларының қызметкерлеріне арналған кепілсіз кредиттеу бағдарламасы бар, демек егер Сіз жалақыны «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ арқылы алатын болсаңыз, Сіздің осы бағдарлама бойынша кірістерді растау арқылы төмендегі шарттарда кредит ресімдеуге мүмкіндігіңіз бар:
Сыйақы ставкасы – жылдық 17% (Сыйақының жылдық тиімді ставкасы – 23,5% бастап);
Кредиттеу мерзімі – 6 айдан бастап 36 айға дейін;
Заемның ең жоғары сомасы: 2 000 000 теңге, бірақ орташа айлық жалақының 5-еселі мөлшерінен аспайды;
Қарастыру бойынша комиссия – 5000 теңге;
Ұйымдастыру бойынша комиссия – заем сомасынан 5%;
Егер Сіз біздің Банктің төлем карточкасын ұстаушы болсаңыз, Сіз төмендегі шарттарда жылжымайтын мүлік кепілі арқылы кредит ресімдей аласыз:
Кредиттеудің ең жоғары мерзімі – 10 жыл;
Сыйақы ставкасы – кірістерді растаумен 15%;
Сыйақының жылдық тиімді ставкасы – жылдық 16,9% бастап;
Өтінімді қарастыру бойынша комиссия – 5000 теңге;
Заемды ұйымдастыру бойынша комиссия – 1,5 % бастап(клиенттің қалауы бойынша кредитті ұйымдастыру үшін комиссия сомасы кредиттің жалпы сомасына енгізілуі мүмкін);
Кепілзатты сақтандыру – жыл сайын.
Сізді біздің Банктің клиенттері қатарынан көруге қуаныштымыз!
Егер Сіз «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ клиенті болсаңыз,
Сізге төлем карточкаңыздың қандай карточкалық өнімнің аясында ашылғандығы
туралы білу және соның аясында Сізге төлем карточкасы ашылған өнімге
сәйкес тарифтермен танысу қажет. Тарифтермен
Банктік сайтынан танысуыңызға немесе 8 (727) 330-88-18, 8-8000-800-330 телефоны арқылы
(Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) Card Servicе тәулік бойы қызметіне
хабарласуыңызға болады.
Қайырлы күн!
«АsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ «Көркем Тау» Тұрғын үй кешенінде пәтер сатып алғысы келетін клиенттерді кредиттеу бойынша салушылармен келісім бекітті.
Кредиттеудің негізгі шарттары:
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Сізге біздің филиалға хабарласуыңызға болады.
Алматы қ. филиалы
050060, Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 181А
Тел.: 8 (727) 258-34-70
Факс: 8 (727) 258-34-74
Сізге "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ хабарласқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Қайырлы күн!
Депозит ашу үшін тек қана бір құжат керек:
1) Жеке куәлік (түпнұсқа).
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Сізге біздің филиалдарға хабарласуыңызға болады.
Сізге "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ хабарласқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Қайырлы күн!
Сіздің жеке кәсіпкер ретіндегі кірістеріңіз Банкпен ресми расталған болып қарастырылады.
Ол үшін Сізге соңғы 2 тоқсан үшін салық декларацияларын, контрагенттермен жасалған шарттарды, бизнесті жүргізуге қатысты басқа да құжаттарды ұсыну қажет. Құжаттардың толыққанды тізбесін (Сіздің бизнестің ерекшеліктерін ескере отырып) Сіз біздің филиалдарда кеңес алу барысында ала аласыз.
Сізге "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ хабарласқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Қайырлы күн!
"AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қорының қатысушысы болып табылады, сәйкесінше жеке тұлғалардың біздің Банкте ашылған барлық салымдары кепілдендіру объектісі болып есептеледі. «Үздік таңдау» депозиті бойынша шарттар біздің клиенттеріміздің қажеттіліктері мен болжамдарына толық жауап береді. Өзінің шарттарына қарай депозит нарықтағы үздік депозит болып табылады және клиенттерге өз қаражаттарын сақтап қана қоймай, сонымен қатар арттыруға да мүмкіндік береді. Депозит бойынша сыйақы ставкасы расында жоғары болып табылады, ағымдағы ставкалар бойынша депозиттер тарту Банктің 2013 жылы өсуі үшін жоспарлы қадам болып саналады, пайыздық шығындар Банктің бюджетінде жоспарланған. Салымның ең жоғары мерзімі – 12 ай, салым бойынша сыйақы ставкасы салымның тұтас мерзімінің ішінде өзгертілмейді.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Сізге біздің филиалдарға хабарласуыңызға болады.
Сізге "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ хабарласқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!