Ипотекалық кредитті ресімдеу үшін сатушылардың жеке куәліктерінің ұсынылғаны жеткілікті.
Ипотекалық заемды ресімдеуге қажетті құжаттардың тізімі төменде келтірілген.
Құжаттардың тізбесі:
· Заемшының/Ортақ заемшының/Кепіл берушінің (Кепіл берушінің жолдасының (жұбайының) жеке куәлігі/төлқұжаты (көшірмесін алу үшін түпнұсқасы);
· Заемшының/Ортақ заемшының/Кепіл берушінің тиісті елді мекенде тұратынын растайтын анықтама (түпнұсқасы);
· Заемшының/Ортақ заемшының дербес зейнетақы шотынан соңғы 6 (алты) ай бойынша зейнетақы жинақ қорынан алынған үзінді (түпнұсқасы);
· Кепіл берушінің отбасы жағдайын растайтын құжаттар;
· Кепіл мүлкіне құқық беретін, техникалық және сәйкестендіру құжаттары (түпнұсқасы);
· Сатушының жеке куәлігі.
«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ-да ипотекалық кредитті табыстарды растаумен және растаусыз төмендегі шарттарда ресімдеуге болады:
Табыстарды растаумен ипотека
30% басталатын (жылжымайтын мүліктің жалпы құнынан) БЖ кезінде сыйақы ставкасы – жылдық 11% бастап.
20-30% басталатын (жылжымайтын мүліктің жалпы құнынан) БЖ кезінде сыйақы ставкасы– жылдық 11,5% бастап.
Өтінімді қарастыру бойынша комиссия- 5000 теңге.
Ұйымдастыру бойынша комиссия – заем сомасынан 2 % бастап (клиенттің қалауымен кредитті ұйымдастыру бойынша комиссия сомасы кредиттің жалпы сомасына енгізілуі мүмкін)
Табыстарды растаусыз ипотека
Бастапқы жарна 50% бастап (жылжымайтын мүліктің жалпы құнынан)
50% басталатын (жылжымайтын мүліктің жалпы құнынан) БЖ кезінде сыйақы ставкасы – жылдық 13% бастап.
Өтінімді қарастыру бойынша комиссия – 5000 теңге.
Ұйымдастыру бойынша комиссия – заем сомасынан 3% бастап (клиенттің қалауымен кредитті ұйымдастыру бойынша комиссия сомасы кредиттің жалпы сомасына енгізілуі мүмкін).
Сізді біздің Банктің клиенттері қатарынан көруге қуаныштымыз!
Сіздің Банктің сайтындағы кері байланыс нысаны арқылы бізге келіп түскен сұратуыңызға қатысты келесіні хабарлаймыз: Сіз ипотеканы кірісті растаумен және кірісті растаусыз ресімдей аласыз. Бастапқы жарна болмаған жағдайда, Сізге қандай да бір жылжымайтын мүлік түріндегі қосымша қамтамасыз ету ұсыну қажет, ол туыстарыңыздікі де болуы мүмкін.
Сіз жылжамайтын мүлік құнынан 20 немесе 30 % төлегеннен кейін қосымша кепілді босатып алуыңызға болады.
Өкінішке орай, Сіздің жасыңыз, асырауыңыздағы жандардың саны, соңғы жұмыс орныңыздағы өтіліңіз бен ЕДБ қолданыстағы кредиттеріңіздің болуы туралы ақпарат жетіспейді, бірақ тұтас алғанда төмендегіні атап өтуге болады:
"Кірістерді растаумен ипотекалық кредиттеу" бағдарламасы
Бастапқы жарна 20 % бастап
20% басталатын БЖ кезіндегі ставка (жылжымайтын мүліктің жалпы құнынан) – жылдық 11,5% бастап
30% басталатын БЖ кезінде (жылжымайтын мүліктің жалпы құнынан) – жылдық 11% бастап.
Өтінімді қарастыру бойынша комиссия - 5000 теңге
Ұйымдастыру бойынша комиссия – заем сомасынан 2 % бастап (клиенттің қалауы бойынша кредитті ұйымдастыру бойынша комиссия сомасы кредиттің жалпы сомасына енгізілуі мүмкін)
Кепіл затын сақтандыру жыл сайын жүргізіледі.
"Кірістерді растаусыз ипотекалық кредиттеу" бағдарламасы
Бастапқы жарна 50 %
Ставка – жылдық 13% бастап
Өтінімді қарастыру бойынша комиссия - 5000 теңге
Ұйымдастыру бойынша комиссия – заем сомасынан 3 % бастап(клиенттің қалауы бойынша кредитті ұйымдастыру бойынша комиссия сомасы кредиттің жалпы сомасына енгізілуі мүмкін)
Кепіл затын сақтандыру жыл сайын жүргізіледі.
Сізді біздің Банктің клиенттері қатарынан көруге қуанамыз!